Та_ырып- № 5 Аралы_ ба_ылау -1

 

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА

 

 

Кафедра: терапиялық стоматология

Пән-Ауыздың кілегей қабығымен еріннің қызыл жиегінің аурулары

Мамандық: 5В130200 « Стоматология»

 

 

 

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА

 

 

Тақырып: «№6 Аралық бақылау-1».

 

 

 

 

 

Оқу сағатының көлемі – 6 академиялық сағат

Курс - 5

Семестр: - 10

 

 

 

 

 

                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы

2016

Құрастырған : дац.Сапаева Н.Г.,асс, Бакбаев Б.Б..

Терапиялық стоматология кафедрасының

отырысында талқыланды

Хаттама 0 1 «__29_ » ____тамыз____ 2016ж.

 

 

Бекітілді

Терапиялық стоматология кафедрасының жетекшісі

м.ғ.д., профессор __________ Баяхметова А А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Тақырып 6 : Аралық бақылау №1

2.Сабақтың мақсаты: 1-5 тақырыптардан компетенциялық құрылым деңгейін бағалау

 

3.Оқыту мақсаты: студенттерді алған білімдеріне, үйренген операциялық дағдыларына байланысты белгілі клиникалық жағдайларда проблеманың маңызын түсіну үшін уйрету керек.

 

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

 

1) Ауыздың кілегей қабығының әр аймақтағы гистологиялық құрылымы

2) Ауыздың кілегей қабығының (біріншілік, екіншілік) жарақаттау элементтері

3) Ауыздың кілегей қабығының патологиялық өзгерістері

4) Ауыздың кілегей қабығының және еріннің қызыл жиегінің сырқаттары бар науқастардың негізгі тексеру әдістері

5) Ауыздың кілегей қабығының және еріннің қызыл жиегінің сырқаттары диагноз қою кезіндегі арнайы тексеру әдістері

6) Лейкоплакия – анықтамасы, этиологиясы мен патогенезі

7) Лейкоплакияның клиникалық түрлері, салыстырмалы сипаттамасы

8) Жазық лейкоплакия – этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі

9) Веррукозды лейкоплакия - этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі

10) Жаралы лейкоплакия - этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі

11) Ауыздың кілегей қабығының жарақаттан жаралануы - этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі

12) Кандидоз – анықтамасы, этиологиясы, патогенезі

13) Кандидоздың клиникалық түрлері – салыстырмалы сипаттамасы

14) Жедел жарғақты кандидоз- этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі

15) Созылмалы гиперпластикалық кандидоз- этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі

16) Микотикалық тіліктер- этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі

17) Туберкулез- этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі

18) Мерез - этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі

19) Венсанның жаралы некрозды гингиво стоматиті – этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі

20) Қарапайым көпіршікті теміреткінің (ұшық) - этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емдеу әдісін таңдау

21) Жедел герпестік стоматиті- этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емдеу әдісін таңдау

22) Қайталамалы герпестік қабынуы- этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емдеу әдісін таңдау

23) Белдемелі теміреткі- этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емдеу әдісін таңдау

24) ЖИТС инфекциясы- этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емдеу әдісін таңдау

25) ЖИТС инфекциясына және вирустық сырқаты бар науқастарда қолданылатын негізгі және арнайы тексеру әдістері

 

5.Сабақ беру және оқыту әдістері

Ауызша (жазбаша) сұрау;

Тесттік тапсырмаларды шешу;

Операциялық дағдалырға тікелей карау

Шағын топтарда жұмыс істеу

5.1.Оқыту заттары:

- ауыз қуысын жарақаттайтын морфологиялық бөртпелер атласы

- АҚКҚ аурулар атласы

- слайд-шоу

- негізгі іс әрекет бағдарламашы кесте,

- капиллярлы қан анализі;

- рецептуралық анықтама.

- амбулаториялық сырқатнама

5.2.Сабақтың хронометражы

 

№ п/п

Сабақ кезеңдері

Сабақ кезеңдерінің

Мазмұны

Оқыту тәсілдері

Бақылау тәсілдері

(оқытушының таңдауы бойынша)

Кезеңдерге берілген уақыт

1.

Кіріспе кезеңі

сәлемдесу,студенттердің тізімін тексеру,тақырыпты, оның мақсатын,сипаттамасын, алға қойған тапсырманы атау.

-

-

10 минут

2.

Алғашқы білім деңгейін тексеру

Алғашқы білім деңгейін анықтау.

-

1.ауызша сұрау

2.жазбаша сұрау

3.тығыздалған сұрау

4.Блиц-сұрау

5.Тестілеу

60 минут

3

Негізгі кезең

Оқытушы науқас қабылдаудың тәсілдерін шағымын жинап қарап тексеру , тісті витальды бояуғ ТЭҚ тексеру, трансллюминация әдісін жүргізуді ерікті науқасыта толық көрсетеді.Студенттер волантерда неесе фантомдық блоктарда периодонт қабынуымен келген науқастарға тексеру әдісін жүргізеді

Түсіндіру, тренинг, көрсету

 

40 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқытушы студенттерге есептік тіркеу құжаттардың толтырылу ережесін түсіндіреді

Түсіндіру, тренинг, көрсету

 

 

20 мин

 

 

 

Негізгі кезең

3.Студенттер шағын топшаларда жұмыс істейді (2-3 адамнан), науқастың шағымын анықтап, анамнез жинауды, қарап тексеру, сипап, соғып, сүңгілеп тексеру әдістерін, сондай ақ, ЭОД, витальді бояу,трансллюминация әдістерін, волонтерда көрсете білді. Фантомдық блоктарда тісжегі қуысын егеп тазалауды, өзектерді өңдеуді және оның кезеңдерін үйретеді

Кіші топтармен жұмыс істеу

1.Коммуниктивті дағдыларын тікелей бақылау

2. Операционалды дағдыларын тікелей бақылау

 

 

 

 

 

15 минут

 

 

Кері байланысты жүргізу

 

 

10 минут

Бағалау чек парақтарын толтыру

 

 

5минут

Бағаларын жариялап, оларды оқу журналына қою.

 

 

-----------

Қорытынды

4 академ сағат 50 минуттан, үзіліс 30 минут 330 минут

 

 

1. Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Боровский Е.В. Банченко Г.В., және т.б. Терапевтическая стоматология. – М., 2007

2. Максимовский Ю.М. Терапевтическая стоматология.-М., 2005

3. Дмитриев А.А. Лечение и профилактика болезней зубов и пародонта.-2008

4. Терапевтическая стоматология: Учебник. В 3-х ч./под ред. Г.М. Барьера.-М.

ГЭОТАР-Медиа. Ч.З; Заболевания слизистой оболочки полости рта.-2005.

5. Мезгілбаева Д. М.,Абдикаримов С. Ж.,Сапаева Н. Г.Терапиялық стоматология..

Оқулық-320-бет .Алматы.2013.

 

Қосымша:

1. Заболевания слизистой оболочки полости рта и губ. Учеб. Пособие/ Под ред. Е.В. Боровского, А.Л. Машкиллейсона.-М., 2001

2. Николаев А.И., Цепов Л.М. «Практическая терапевтическая стоматология» 2008, с.920-933

3. .Анисимова И.В., Недосеко В.Б., Л.М.Ломиашвили. Клиника, диагностика и лечение заболеваний слизистой оболочки полости рта/М., Медицинская книга: Стоматология, 2008.- 193С

4. Русак М.К., Яробкова Н.Д., Каспина А.И.Кандидоз слизистой оболочки полости рта.М., 2001.-20С.

5. Графф В. Схема клинического обследования больного и написания академической истории болезни в клинике терапевтической стоматологииМ.,2009.- 22С.

 

 

 

2. Бақылау (сұрақтар, тесттік түрдегі тапсырмалар, клиникалық жағдайлар).

Сұрақтар:

 

1) Ауыздың кілегей қабығының әр аймақтағы гистологиялық құрылымы

2)Ауыздың кілегей қабығының (біріншілік, екіншілік) жарақаттау элементтері

3)Ауыздың кілегей қабығының патологиялық өзгерістері

4)Ауыздың кілегей қабығының және еріннің қызыл жиегінің сырқаттары бар науқастардың негізгі тексеру әдістері

5)Ауыздың кілегей қабығының және еріннің қызыл жиегінің сырқаттарына диагноз қою кезіндегі арнайы тексеру әдістері,-

-люминесценстік,

-функционалдік сынамалар,

-бактериялық зерттеу әдістер,

-цитологиялық әдістер,

-1972ж.,ММСИ жұйесі б-ша АКҚҚ мен ЕҚЖ-аурулары қанша топқа бөлінеді.

6)Лейкоплакия – анықтамасы, этиологиясы мен патогенезі

7)Лейкоплакияның клиникалық түрлері, салыстырмалы сипаттамасы

8)Жазық лейкоплакия – этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі

9)Веррукозды лейкоплакия - этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі

10)Жаралы лейкоплакия - этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі.

-Пашков лейкоплакиясы-этиол,патогенезі,клин-сы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі.

 

-Таппейнер лейкоплакиясы этиол,патогенезі,клин-сы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі.

-Лейкоплакияның қандай тұрі обырға ауысады.,алдын алу шаралар.

 

11)Ауыздың кілегей қабығының жарақаттан жаралануы - этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі:

-механикалық жарақаттар,

-химиялық жарақаттар,жиі қандай заттар себепті болады.антидоттар.

-коагуляциялық өліеттену-тұсінік,анықтамасы,емі.

-колликвативті некроз- тұсінік,анықтамасы,емі.

-физикалық жарақаттар:.тұрлері,диагностикасы,емі.

12)Кандидоз – анықтамасы, этиологиясы, патогенезі,емі.

-Машкелейсон жұйесі б-ша кандидоздың қандай клиникалық тұрлері бар?

-Кандида саңырау құлақтардың,нағыз дрожжылардан айырмашылығы қандай?

-Ашытқытәрізді саңырауқулақтарға қандай биохимиялық қасиеттер тән?

-Кандиданың патогендік қасиетін кұшейтетін қандай факторлар?

-Қанның құрамындағы қандай жасушаның фунгицидтық қасиеті бар?

-Кандидозды дәлелдейтін қандай диагностикалық әдістер бар?

-Серологиялық?-

-Кандидоздарға қарсы қолданатын антибиотик тобтарын атаңыз?

-Созылмалы кандидозға қарсы қандай антибиотиктер қолданылады?

-Қандай антисептиктерді қолдану тиімді?

13)Кандидоздың клиникалық түрлері – салыстырмалы сипаттамасы

14)Жедел жарғақты кандидоз- этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі

15)Созылмалы гиперпластикалық кандидоз- этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі

16)Микотикалық тіліктер- этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі

17)Туберкулез- этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі.

-миллиарлы-жаралы туб-зге қандай морфологиялық ерекшілік тән?

-Ауыз қуысында туберкулез желісінің қандай тұрлері орын алады?

-Трель денешіктерге сипаттама беріңіз?

-Миллиарлы-жара тубекулез бетінен жағынды алып,зерттегенде не анықталады?

18)Мерез - этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі.

-Біріншілік мерез,жарақаттау элементі,

-Екіншілік мерез, жарақаттау элементі,

-Ұшіншілік мерез, жарақаттау элементі,

19)Венсанның жаралы некрозды гингиво стоматиті – этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі.

-Венсан стоматитін тұдыратын жағдайлар?

-Жалпы және жергілікті емі,ерекшеліктері?

 

20)Қарапайым көпіршікті теміреткінің (ұшық) - этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емдеу әдісін таңдау.

-Ауыз қуысындағы біріншілік элементер?,қоздыратын факторлар,цитологиялық зертттеудің нәтижесі.

21)Жедел герпестік стоматиті- этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емдеу әдісін таңдау

22)Қайталамалы герпестік қабынуы- этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емдеу әдісін таңдау

23)Белдемелі теміреткі- этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емдеу әдісін таңдау

24)ЖИТС инфекциясы- этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емдеу әдісін таңдау.-Диагностикалау әдісі?

-Қандай вирус ЖИТС-ты тұдырады?

-ЖИТС-ассоц-н ауруларды атаңыз?

-Оппортунистік инфекция дегеніміз не?

-Герпеске қарсы дәрілер тобын атаңыз?

-ЖИТС-инфекциясын неқұрылым қандай диагностикалау әдістер ақпаратты?

-ЖИТС-ң болжамы?

-Ретровирусқа қарсы терапияны қалай тұсінесіз?

25)ЖИТС инфекциясына және вирустық сырқаты бар науқастарда қолданылатын негізгі және арнайы тексеру әдістері

Тесттік түрдегі тапсырмалар:

№1

Жасушаларды бұзатын, эпителиальды жасушалардың ішіндегі домбығуы, цитоплазмасында құрылым пайда болуы төменде аталған патологиялық үрдістерге НЕҒҰРЛЫМ тән

1. Акантоз

2. Акантолиз

3. Спонгеоз

4. Вакуольды дистрофия

5. Балонды дегенерация

№2

Эпителийдің мүйіздену қабатының шамадан тыс қалыңдауы төменде аталған патологиялық үрдістерге НЕҒҰРЛЫМ тән

1. Акантоз

2. Дискератоз

3. Папилломатоз

4. Гиперкератоз

5. Паракератоз

 

 

 

№3

Тікенек қабатының жасушалардың арасында сұйықтың жиналуы, жасуша аралығының кеңейуі, цитоплазмалық шығыңқының созылуы төменде аталған патологиялық үрдістерге НЕҒҰРЛЫМ тән

1. Акантоз

2. Спонгеоз

3. Акантолиз

4. Вакуольды дистрофия

5. Балонды дегенерация

№4

Төменде аталған қуысты элемент жарақаттарына бәрін жатқызады, ТЕК:

1. Көпіршік

2. Домбықпа

3. Күлбіреуік

4. Киста

5. Іріңдік

№5

Вакуольды дистрофия төменде аталғандардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тән:

1. Эпителиальды жасушалардың көлемінің кішіреюі

2. Эпителиальды жасушалардың жасушаішілік домбыңғуы

3. Жасуша элементтерінің некробиотикалық өзгерістері

4. Тікенек қабаттың жасуша аралық байламдарының бұзылуы

5. Тікенек қабаттың жасуша аралығында сұйықтың жиналуы

 

№6

Мүйіздену үрдісі бұзылғанда ақшыл жасушалардың пайда болуы –Дерие денешіктері, төменде аталған патологиялық үрдістерге НЕҒҰРЛЫМ тән

1. Акантоз

2. Дискератоз

3. Паракератоз

4. Гиперкератоз

5. Папилломатоз

 

№7

Тікенек қабаттағы толық емес, беткей жасушалардың мүйізденуі және соларда жазық созыңқы ядросының сақталуы төменде аталған патологиялық үрдістерге НЕҒҰРЛЫМ тән

1. Акантоз

2. Дискератоз

3. Паракератоз

4. Гиперкератоз

5. Папилломатоз

 

№8

Эпителий байланыста мүйіздену үрдісімен бұзылған төменде аталған патологиялық үрдістердің қайсысы?

1. Спангеоз

2. Акантоз

3. Акантолиз

4. Паракератоз

5. Балонды дегенерация

№9

Төмендегі аталған жарақат элементтерінің қайсысы келтірілген белгілерге НЕҒҰРЛЫМ тән. Эпителий астында немесе эпителий ішінде көлемі 5 мм ден үлкенірек, іші серозды немесе геморрагиялық сұйықтықпен толған қуысты құрылым.

1. Киста

2. Абсцесс

3. Домбықпа

4. Көпіршік

5. Күлбіреуік

№10

Абразивті канцерозды Манганотти хейлитине төменде аталған жарақат элементтерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тән:

1. Эрозия

2. Тілік (трещина)

3. Папула

4. Қабықша

5. Терең жара

№11

Жедел герпетикалық гингивостоматитте, төменде берілген цитологиялық зерттеу қорытындысы бойынша жара бетінен алынған мазокта НЕҒҰРЛЫМ күтілетін жағдай:

1. Акантолитикалық жасушалар

2. Қанның формалы элементтері

3. Пирогов-Лангханс жасушалары

4. Көпядролы алып жасушалар

5. Некробиоздың әртүрлі сатысындағы эпителиальды жасушалар

№12

Төменде берілген цитологиялық нәтижелердің қайсысы туберкулездің милиарлы-жаралы (милиарно-язвенной) түріне НЕҒҰРЛЫМ тән:

1. Акантолитикалық жасушалар

2. Қанның формалық элементтері

3. Пирогов-Лангханс жасушалары

4. Алып көпядролы жасушалар

5. Әртүрлі некробиоз сатысындағы эпителиальды жасушалар

№13

Төменде аталған жарақат элементтерінің қайсысы туберкулезді жігіне тән:

1. Дақ

2. Төмпешік

3. Түйіншік

4. Жара

5. Іріңдік

№14

Төменде аталған клиникалық көріністердің барлығы туберкулезді жараға тән, ТЕК:

1. Шеттері тегіс емес

2. Пальпацияда ауырады

3. Түбінде ақ сүзбелі бөлінділер

4. Дұрыс, дөңгелек пішінді

5. Перефериясы мен микроабцесстер

 

Тапсырма № 15.

Вирусты аурулар кезіндегі морфологиялық біріншілік бөртпелерді анықтаңыз заболеваниях является:

1. бұдырмақ;

2. домбықпа;

3. везикула;

4. папула;

5. дақ.

Тапсырма № 16

18 жастағы жеткіншек ауыз қуысындағы ауру сезіміне, қызыл иегінің қанағыштығына, жалпы әлсіздікке, асқа тәбетінің болмауына шағымданады. 3 күн бұрын қатты жедел ауырып қалған. Жалпы әлсіздік пайда болып дене қызуы көтерілген. Қарап тексергенде:ұрттың, таңдайдың және еріннің кілегей қабығында көптеген сопақша келген майда сипап тексергенде ауыратын эрозиялар анықталдыҚызыл иеғктің кілегей қабығы ісінген, қызарған.   Төменде берілген дәрілік препараттардың қайсысын науқасты жалпы емдеуде қолданылады?

1. Доксициклин

2. Бисептол

3. Метронидазол

4. Орунгал

5. Ацикловир

Тапсырма № 17.

Қызарып домбыққан кілегей қабық бетіне ұсақ көпіршік бөрткендер шығып жарылған соң эрозиялы ошақтарға айналады. Бұл бөрткендер төмендегі аурулардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ тән:

А) Тұрпайы күлбіреуікше

В) Буллезді пемфигоид

С) + Қайталамалы герпес

Д) Ауыздың аллергиялық қабынуы, буллезді эрозиялы түрі

Е) Қызыл жалпақ теміреткі, буллезді түрі

Тапсырма № 18.

Жасы 18-гі қыз төменгі ерніне бөрткен шығып, ауырып мазалайтынына шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі еріннің кілегей қабығында көлемі 5х7мм сопақ пішінді эрозия ошағы бар, беті ақшыл-сары түсті фибринді қақпен жабылған, төңірегі ашық-қызыл түсті жіңішке қабыну жолағымен қоршалған. Сипап байқағанда ауру сезімі бар.

Төмендегі дәрілердің қайсысын бұл ауру кезінде тағайындаған НЕҒҰРЛЫМ тиімді:

А) Метронидазол

В) Доксицклин

С) Ацикловир

Д) + Левамизол (декарис)

Е) Орунгал

Тапсырма № 19.

Жасы 18-гі жігіт ауыз ішіне жаралы бөрткендер шығып, қатты ауру сезімін туындататынына, қызылиегінің қанағыш болғанына, тістерін тазалау және ас қабылдау мүмкіндігінің жоқтығына шағымданады. Ауру жедел 3 тәулік бұрын жалпылай дімкәстікпен дене қызуының 38оС дейін көтерілуімен басталған. Қарап тексергенде: екі ұрттың қатты таңдайдың еріндерінің кілегей қабығында көптеген ұсақ эрозиялы ошақтар бар. Эрозиялар домалақ пішінді, диаметрі 2-7мм дейін, аспап тиіп кетсе қатты ауырады. Екі жақ қызылиек жиегі қызарып ісінген.

Төменде көрсетілген вирустардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс этиологиялық фактор болып табылады?

А) Адамның иммунитет тапшылық вирусы

В) + Қарапайым герпес вирусы

С) Парагрипп вирусы

Д) Кокксаки вирусы

Е) Папиллома вирусы

Тапсырма № 20.

Жасы 18-гі жігіт аузының ішіне бөрткендер шығып, ас қабылдаудың қиындағанына, қызылиегі де сыздап ауыратынына және қанағыштығына шағымданады. Бөрткендер шығар алдында басы ауырып, бойын әлсіздік билеп, дене қызуы 37,5оС дейін көтерілген. Қарап тексергенде : екі ұрттың қатты таңдайының кілегей қабығында көптеген ұсақ әртүрлі пішінді эрозиялар бар, беттері ақшыл-қызыл қақпен жабылған, тиіп кетсе қатты ауырады. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, аздап ауырады. Қызылиегі де қатты қызарып, ісінген.

Төмендегі дәрілердің қайысысын жалпы емдеуге қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді болады?

А) Доксициклин

В) Бисептол

С) Метронидазол

Д) Орунгал

Тапсырма N21.

Жасы 18-гі жігіт әлсіздікке, тәбетінің болмауына, ауыз ішіне бөрткен шығып, сөйлеудің, ас қабылдаудың қиындағандығына, жұтына алмайтыныдығына шағымданады. Ауру 3 күн бұрын дене қызуының көтерілуінен басталған. (38*С дейін) Қарап тексергенде: таңдай, екі ұрт кілегей қабығы қатты қызарып, ісінген және бетінде әртүрлі көлемді (д-3,5,7мм) әртүрлі пішініді эрозиялар орын алған, кейбіреулері бір-бірімен қосылып, көлемді эрозия ошағына айналған. Қызылиек жиегінің кілегей қабығы- қызарып ісінген.Қызылиек бүртіктерін сүңгілеп тексергенде оңай қанайды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

А) Ауыздың дәріден қабынуы, күлбіреуікті -эрозиялы түрі

В) + Ауыздың жедел герпесті қабынуы

С) Көптүрлі жалқықыты қызарма

Д) Белдеме теміреткі

Е) Аусыл

Тапсырма N 22.

Цитологиялық зерттеу кезінде жақпадан көп ядролы гигант клеткалары табылды.

Осы көріністер төменде беріген аурулардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәкес келеді?

A) Берішті шанкр

B) Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит

C) Туберкулез жарасы

D) Көп түрлі жалқықты эритема

E)+ Жедел герпестік гингивостоматит

 

 

Тапсырма N23.

Қызарып домбыққан кілегей қабық бетіне ұсақ көпіршік бөрткендер шығып жарылған соң эрозиялы ошақтарға айналады. Бұл бөрткендер төмендегі аурулардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ тән:

А) Тұрпайы күлбіреуікше

В) Буллезді пемфигоид

С) + Қайталамалы герпес

Д) Ауыздың аллергиялық қабынуы, буллезді эрозиялы түрі

Е) Қызыл жалпақ теміреткі, буллезді түрі

Тапсырма N24.

Төменде берілген қойыртпақтардан вирусқа қарсы қолданылатын мазды таңдап алыңыз

1. нистатин, леворин

2. интерферон, оксолин

3. теброфен, флоренал

4. гиоксизон, эритромицин

5. солкосерил, актовегин

Тапсырма 25.

Жедел герпестік стоматитті туындататын вирусты анықтаңыз

1. аденовирус

2. вирус Коксаки

3. Қарапайы вирус герпесі

4.желшешек вирусына ұқсас вирус,

5. цитомегаловирус

Тапсырма N26.

Белдеме теміреткіні туындататын вирусты анықтаңыз

1. желшешек вирусына ұқсас вирус

2. Қарапайы вирус герпесі

3. Коксаки вирусы

4. аденовирус

5. парагрипп вирус

Тапсырма N27.

АҚКҚ-ның вирусты ауруларына қандай патоморфологиялық өзгерістер тән

1. акантолиз

2. вакуольды дистофия

3. баллондушы дегенарация

4. дискератоз

5. акантоз

Тапсырма N28.

Жедел герпесті гингивостоматит кезінде цитологиялық зерттеу қорытындысы қандай

1. нейтофилдердің, гистиоциттердің санының басым болуы

2. нейтофилдердің таралу сатысында санының басым болуы

3. акантолитикалық жасуша

4. көп ядролы алып жасуша

5. Пирогов-Лангханстың алып жасушасы

Тапсырма N29.

АҚКҚ-ның вирусты ауруларын емдеуде қолданылатын физикалық факторларды атап көрсет

1. ультракүлгін сәулесі

2. гелий-неон лазермен сәулелену

3. Протеолитикалық ферменттермен электрофорез

4. Д' Арсонвализация

Тапсырма N30.

АҚКҚ-ның вирусты ауруларын жергілікті емдеуде қолданылатын емдік препараттарды атап көрсет

   1. жансыздандырушы препараттар

   2. протеолитикалық ферменттер

   3. антисептиктер

    4. стероидты емес қабынуға қарсы перпараттар

    5. антибиотиктер

 

7.1 Операционалды құзыреттілігін бағалау:   

- ауыз қуысы кілегей қабығының әртүрлі бөлігінің суретін салу, клиникалық жағдайды талдау,волонтерде берілген тапсырманы орындау.

7.2 Аксиологиялық құзыреттілігін орындау (коммуникативт дағдылар)

- АҚКҚ және ЕҚЖ ауруларымен қарала келген науқаста тексеру әдістерін жүргізу және кестесін салу.

- ауыз қуысында кездесетін біріншілік және екіншілік бөртпеледің суретін кестелеу;

- ауыз қуысы кілегей қабығында кездесетін патологиялық өзгерістердің суретін кестелеу;

 

 

 

 

 

7.3 Құқықтық құзіреттілігін бағалау:--Клиникалық жағдайдың талдауының нәтижесіне байланысты жүргізіледі.

 

 

 

 

Posted in Без рубрики

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *